Қалада 87 млн теңгеге модульдік дәретхана салған шенеунікке айыппұл салынды

1 366

Ақтауда 87 млн теңгеге модульдік дәретхана салған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ғалымжан Серікбаев жазаланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. 


"Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудитке сәйкес "Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ қызметінде заңбұзушылықтар анықталды. Басшы Ғалымжан Серікбаевқа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 207-бабы бойынша 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.