Күдіктілерді азаптаған төрт полицей сотталды

2 053

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты төрт полицейге қатысты азаптау дерегі бойынша үкім шығарды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот полицейлердің күдіктілерді кінәсін мойындау үшін азаптау әрекеттерін жасағанын анықтады.

"Т., Ә., Ж. және М. полиция қызметкерлері бола тұра мүліктік қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу бойынша жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізумен айналыса отырып, алдын ала сөз байласып, қалта ұрлығын жасады деген күдікпен қамауға алынған төрт адамға кінәсін мойындату мақсатында физикалық күш қолдана отырып, психикалық зиян келтірген", - делінген сот хабарламасында.


Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғақтары, сот-медициналық сараптамасының қорытындысы, сот-психологиялық сараптамаларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен Т.,Ә. және М. ҚК 146-бабы, 2-бөлігінің 1, 2) тармақтарында көзделген "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 4 жылға бас бостандығынан айыру және 3 жылға мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан шеттету жазасы тағайындалды.

Ж. ҚР ҚК 146-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және және 3 жылға мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан шеттету жазасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 49-бабының 1-бөлігінде көзделген "Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру" бойынша М. және З.

"Полиция аға сержанты", Ә және Т "Полиция сержанты" арнайы шендерінен айырылды", - делінген сот үкімінде.