ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИЦИЯСЫНДАҒЫ БЫЛЫҚ ЖЕЛІДЕ ШУҒА АЙНАЛДЫ

6 367

Қызылордалық полицей басшылық тараптан қысым көріп, сыбайластыққа итермелеген арызым қараусыз қалғанын ашық айтуда, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы тәуелсіз журналист Үйтолған Жареке өзінің Facebook  парақшасында шағымданған полицейдің арызын жариялады. 

«Балық басынан шіриді, бірақ құйрығынан тазаланады. Бүгін Алматы жақта бір полицияның кабинетінде қыз зорлағаны туралы ақпарат тарады. Недеріңді білмейсің? 

Біздің аймақтың полициялары да былықтан ада  емес сыңайлы. Ақша жинау, пара талап ету, тіпті қызметкерлеріне алдап өтірік медаль тағу  Qyzylorda PDның ішінде орын алса басқасына не жорық?» ,- деп жазды.


Арыз иесінің айтуы бойынша  2017 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың шілде айына дейін Қызылорда облыстық полиция департаментінің Қызылорда қалалық полиция баскармасының Жедел басқару орталығында қызмет атқарған. Алайда, 2022 жылдың қатар айында «Қаңтар оқиғасына» байланысты сыйақы берілетінін естіп, Жедел басқару орталығының қызметкері Н.Ерболұлы тізімде жоқ екенін алға тартқан. 


«Мен Жедел басқару орталығының бастығы Б.Ерімбетовке бардым. Ол мені тыңдап, 50 000 (елу мың) теңге бересін деді. Мен келістім. 2022 жылдың қантар айының 31-де 150 000 (бір жүз елу мың) теңге сыйақы түсті. 

Сол күні сағат 21.30 сагат шамасында Н. Ерболұлы маған қоңырау шалып, Б.Ерімбетов сыйақы түсті, уәде еткен 50 000 (елу мың) теңгені салсын деп жатыр деді. Содан 21 сағат 44 минутта Н.Ерболдың Каспий Голдына 10 000 (он мың) теңге аударып жібердім. Н.Ербол бастық аз деп ренжіп жатыр деді. Мен амалсыздан келешектегі жұмысымнан қорқып, 21 сағат 48 минутта Н.Ерболұлының Каспий Голдына тағыда 10 000 (он мың) теңге аударып жібердім.»,- деп жазған.


Сонымен қатар, 2022 жылдың мамыр айында Жедел баскару орталығының аға инспекторы Ж. Кулбаев ұялы телефоныма хабарласып, бастық Б.Ерімбетов сені Полицияның 30 жылдық мерекесіне орай медалға ұсынуда. Соған байланысты 20 000 (жиырма) мың теңге аударуын, тегін ештеңе жоқ екендігін атап өткен. 


«2022 жылдын мамыр айының 15-де Ж.Кулбаевтың Каспий Голдына 20 000 (жиырма) теңге аударып жібердім. 2022 жылдың маусым айының 22-күні  кешкісін Ж. Кулбаев қоңырау шалып, медальді үйінен алып кетуімді өтінді. Мен ертең полиция күніне арналған салтанатты жиында алуым керек емес пе,-дедім. Ол маған ертең жұрт әңгіме-өсек қылады. Оданда, келіп алып кет, деді. Сол күні оның үйінен барып, медальды алдым. Ертесіне салтанатты жиында, басқа қызметкерлерге берген медальдарды көргеннен кейін маған жалған медаль бергенін тусіндім. Б.Ерімбетовке айтқанымда, ол келесіде аласың деп мені шығарып салды. Сол күннен бастап, Б.Ерімбетов екеуміздің арамызда кикілжің басталып, мен Тасбөгет полиция бөліміне ауысуға мәжбүр болдым.» , - деп жазған арыз иесі Мұрат Темірбекұлы.


Арызданушы үстіміздегі жылдың мамырында Жедел басқару орталығының аға инспекторы қызметіне қайта тағайындалған.

«Жедел баскару орталыгының бастығы Б.Ерімбетов келгеннен кейін,

лауазымыңды жуасың, 100 000 (жуз мың) теңге бересің, себебі, сен менің келісімімсіз ауысып келдің, менің дайындаған өз адамым бар еді деді. Оған  100 000 (жүз мың) теңге бере алмайтынымды айттым. Содан Ерімбетов пен Кулбаев «сынықтан сылтау іздеп» маған болмайтын нәрселермен тиісе бастады.»,- делінген арызда


2023 жылдын шілде айының 17-ші жұлдызында Қызылорда облысының полиция департаменті бастығы М.Аблазимовтің атына Жедел басқару орталығының бастығы Б.Ерімбетов қызмет өкілеттігін пайдаланып, менен пара алғаны жөнінде баянат жазылған. Тіпті дәлел ретінде каспий голд түбіртегі қоса ұсынылған. 


Шара көруден гөрі  мәселені туындатқан тұлғамен күресуді жөн санаған болса керек қудалау жұмыстары жүре бастағандығын алға тартады. 

Яғни, жазылған баянат сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, тергеу әрекеттерін жүргізіп, қылмыстық істің қорытындысымен қызметтік тергеп-тексеру жүрмеді деп наразылық білдіруде. 


«Қызылорда облысының полиция департаменті бастығы М.Аблазимов, Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының кадр жөніндегі орынбасары Өтегенов, Өзіндік қауіпсіздік баскармасының бастығы Г.Каракуловтар жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызбен құқыққа сыйымсыз әрекеттер арқылы қылмысты тіркеуден қасақана жасырды, деп санаймын»,- делінген. 


Осы орайда арызымда керсетілген сыбайлас жемкорлық қылмыс фактісі бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізіп, сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, Б.Ерімбетов, Н.Ерболулы, Ж. Кулбаевтардың қылмыстық жауапкершіліктерін шешуге ықпал етуін сұрайды.

Ал, Қызылорда облысының Полиция департаменті көтерілген мәселені жоққа шығармады.

«Аталған мәселелер бойынша уақытында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес  шешімдер қабылданған. Алайда, қосымша тексеру жұмыстары жүргізілетінін назарыңызға саламыз.», -деп ресми мәлімдеді. 

Арыз иесі Өмірбековтың бүгінгі күні полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін әшкерелегені үшін жұмыстан қудаланғандығын алға тартуда.