18 жыл із-түзсіз жоғалған әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды

1 574

18 жыл із-түзсіз кеткен әйел Атырау облысындағы притоннан табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 ІІМ интимдік сипаттағы қызмет көрсететін притондарға қатысты ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізу барысында анықталған. Рейдтерді өткізудің алғашқы тәулігінде жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар берудің 70-тен астам дерегі анықталған.


Түркістан облысында 18 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеуде жүрген әйел Атырау облысында табылды.


Сұрау барысында ол 16 жасында ата-анасымен болған жанжалға байланысты 2005 жылы үйден кетіп, әртүрлі қалаларда тұрғаны анықталды. Содан бері ол жақындарымен араласпаған. Алматы және Шымкент қалаларында түрлі мекемелерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Ал бірнеше күн бұрын Құлсары қаласына келген.


Бұл дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаментіне дереу хабар беріп, азамат туыстарымен байланысқа шықты. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азамат қазіргі таңда полиция бақылауында. Оны туыстарына жіберу үшін тиісті шаралар қабылданып, құқықтық кеңес берілді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері қылмыстық және әкімшілік полициямен бірлесіп рейдтік іс-шараларды жалғастыратын болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.