Церебральды сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған ер адам 17 жылға сотталды
Атырау тұрғыны мүгедек баланы зорламақ болғаны үшін 17 жылын түрмеде өткізеді. Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды бірден Қылмыстық кодекстің екі бабы - қыз зорлауға оқталу және көлік ұрлау бойынша кінәлі деп таныды.
Соттың баспасөз қызметі 2024 жылғы 12 қаңтарда хабарлағандай, іс жабық сот отырысында қаралды.
Ер адам өз кінәсін мойындады. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.
2022 жылдың 6 желтоқсанында Атырауда ер адам "Рено Дустер" көлігін ұрлап кетіп, ондағы 13 жасар қызды зорламақ болған. Күдіктіні Атырау қалалық ІІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "қылмыс жасамақ болған жерінде" ұстады.