Білім бөлімінің есепшілері 400 миллион теңгеден аса ақша жымқырды деген күдікке ілінді

1 802

Фото: Ашық дерек көзіҚаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті Білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау деректерін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікке "Келес ауданының білім бөлімі" ММ бухгалтерлері ілінді, олар 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген. Мектеп қызметкерлерінің карт-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.


Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, көрсетілген деректер бойынша соталды тергеп-тексеру басталған және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды.


ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.