Елімізде Түркістан облысынан басқа өңірлер "қызыл" аймақта тұр
251
26 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Түркістан облысы.
Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 6637 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 535 906-ға жетіп отыр.
Ауру жұқтырудың алдын алу және бақылау еуропалық орталығы (ECDC) мен ДДСҰ адамдарды осы жазда саяхатқа шықпауға шақырды, өйткені дельта штамы бүкіл Еуропаға таралып, Еуропаны жаулап алып жатыр.
ДДСҰ-ның хабарлауынша, осы жазда дельта штамы бар 28 елдің 19-ында осы нұсқа белең ала бастаған. Бұл мутация барлық Еуропа елдерінде кездеседі. ECDC директоры Андреа Аммон кез келген туризмнен аулақ болуға және коронавируспен үйде отырып күресуге шақырды.
Оған қоса, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус жуық арада "дельта-штамнан" қауіптірек тағы бір вирустың пайда болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.