Қызылордада шағын және орта бизнес қарқынды дамуда

1 503

Аймағымызда соңғы жылдары шағын және орта бизнес нысандары  көптеп ашылып отыр. Бұл – облыстың кәсіпкерлік әлеуеті даму көрсеткішінің республика бойынша алдыңғы қатарда тұрғандығының айғағы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.


Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында алғаш рет құрама жем шығаратын зауыт іске қосылды. 


«Жан-Арай Жем» ЖШС – жем шығару өндірісін қолға алып, облыс бойынша осы бағыттағы зауыт ашқан алғашқы компания. Серіктестіктің аймағымызда ауылшаруашылығын дамытуға қосып отырған үлесі айтарлықтай.


Серіктестік күріш өндірісімен және халықаралық стандарттарға сай күріш жармасын қайта өңдеумен, сондай-ақ, түйіршіктелген құрама жем  өндірісімен айналысады.

Зауыт директоры Бақдаулет Махашевтың айтуынша, елдегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалардың сәтті жұмыс жасауы – мемлекет қолдауының жоғары деңгейде екенін көрсетеді. «Жем шығарумен айналысуды біраз жыл  жоспарлағаным рас, сол салада тұрақтап қалу үшін жергілікті нарықты да зерттедім. Облысымызда жем өнімін шығару қолға алынбағанын білген соң, «Даму» Қорының кепілдендіруі арқасында тиімді шарттармен несие алдым. Бүгінгі таңда кәсіпкер-лерге айтарым – аянбай еңбектену және максималды түрде мемлекеттік бағдарламаға қатысу», – дейді серіктестік басшысы.


Серіктестікте агроиндустриалдық  кешенді  құру бойынша  көптеген  жұмыстар жүргізілген.


Агроиндустриялық кешеннің басты міндеті Аграрлық Өңірлік Кәсіптік саласындағы барлық ірі жобаларды, бірыңғай кешен ретінде шоғырландыру, бұл осы салада мультипликативтік әсер береді.


Кешен екі зауыттан тұрады, оның бірі – қуаттылығы тәулігіне 150 тонналық, оңтүстіккорейлік күріш өңдеу зауыты. Ол жоғары, сапалы экспортталатын күріш көлемін арттыруға арналған. Екіншісі – өңірде мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және тауарлы балық шаруашылығы, салаларының дамуын ынталандыруға мүмкіндік беретін, жылына, қуаттылығы 20 мың тонна түйіршіктелген құрама жем өндіретін, соңғы технологиямен жабдықталған еуропалық зауыт. Бұл зауыт бүгінде 5 түрлі жем өнімдерін шығарып, облысымыздың барлық шаруашылықтарын қамтамасыз етумен қатар, экспортқа да жем шығаруға дайын.


Аталған жобалар бойынша, қазіргі таңда 100-ден аса адам тұрақты жұмыс-пен қамтылған. 


«Жан-Арай» ЖШС Агроөнеркәсіп кешені жаңадан өндіріс көздерін ашу және кәсіпкерліктің пайдалы жағымен айналысу жұмыстарын да қолға алуда. Сондықтан қосымша цехтар ашуды межелеген. Алдағы уақытта серіктестіктің қаптама цехы, күріш ботқасын шығаратын консерві цехы, күріш ұнынан шығаратын лапша цехы, макарон өнімдерін шығаратын цех, ұн дирмені, нан және тәтті тоқаш шығаратын цехы өз жұмысын бастамақ.


Осы жоғарыда аталған жобаны іске асыру үшін  2 млрд. 600 миллион теңгенің қаражаты жұмсау көзделген. Демек, осы алты түрлі цех жұмыс істей бастаса, серіктестік тағы да ондаған адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. 


Аймақтың мал шаруашылығының дамуына серпіліс беретін нысанның ашы-луы облысқа сырттан жеткізілетін құрама жемнің көлемін азайтуға септеседі.  

Зауыт аумағында сонымен қатар күнделікті қуаты 150 тонна болатын күріш өңдеумен  айналысатын құрал-жабдықтар және шикізат пен дайын өнімді сақтайтын қойма, автотаразы, зертхана мен қаптама цехы орналасқан. Осы технологиялық желіден шыққан егін қалдығы мал және құс шаруашылығына қажетті жем өндірісіне қолданылады. Құрал-жабдықтар бұл салада алға озған Германиядан жеткізіліп, арнайы мамандардың қондырумен іске қосыған.


Бұл зауыт бүгінгі таңда тәулігіне 100 тонна күрішті – «ақмаржан», «лидер» және «янтарь» сұрыптарын барлық технологиялық талаптарға сай терең өңдеуден өтікізіп, кіші және үлкен қаптамаларға салып, ішкі және сыртқы саудаға шығару жұмыстарымен  айналысады.


Күріш ақтайтын зауыт ақ күріштен басқа да өнім түрлерін шығарады, атап айтсақ күріш, ақ ұнтақ, қүрмек және кебек, қазіргі кезде күріш өңдейтін зауыт 66 процент қуаттылықта жұмыс атқарып тұр, келешекте толық қуаттылықта жұмыс атқаруға да мүмкіндігі жетеді.


«Жан-Арай» десе қызылордалықтардың көз алдына жарқыраған келбетті кешен келеді. Бұлай болуы бекер емес, кешенде 500 адамдық мейрамхана, оқу орны, конференц залы, қонақ үйі бар. Осы әсем құрылысқа 730 млн. теңге қаражат жұмсалған. Соңғы үлгіде салынған халыққа қызмет көрсету кешені бүгінде 70 адамды жұмыспен қамтып, оған қоса қызылордалықтардың мәдени шараларын өткізуге арналған таптырмас орынға айналды.


«Жан-Арайдың» қайырымдылық қадамдары да арнайы бір тақырып. 2018  туған жері Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында Қазақ хандығының ХVІ ғасырдың екінші жартысындағы ханы Хақназардың қолбасшысы болған, белгілі  қазақ батыры Қожамбердінің ерлігін ұлықтап, батыр бабаның ескерткішін орнатты. Ол  осы сауапты іске өзінің жеке қаражатынан 130 млн. теңге жұмсаған.  Мұнымен бірге «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының бойынан тұрғызылған ескерткіш аумағынан 10 гектар жерге алма бағын отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  


Әлеуметтік әріптестік шеңберінде, серіктестік өзі құрылған кезеңнен бастап  әлеуметтік  салаға  ерекше  мән  беріп,  тұрмысы төмен  отбасыларға  жыл  сайын  шамамен  5-10 млн теңге  көлемінде  көмек  жасап отыруды алғашқы орынға қойды. Өйткені «жанарайлықтар» берген қолда береке барын жақсы біледі. Серіктестік 2018 жылдың өзінде тұрмысы төмен отбасыларға  10 млн. теңгенің жәрдемін көрсетсе, осы жылдың басынан бері тұрмыс жағдайы төмен 100 отбасына қажетті азық-түлік таратып, 2 млн теңгенің қаржылай қолдауын көрсеткен.


Сондай-ақ, серіктестік биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап өз жұмысшылары мен қызметкерінің еңбек  ақысын  30  процент-ке  көтерген. Мекеме басшының ең басты ұстанымдарының бірі – ұжымның әр мүшесінің әлеуметтік жағдайын назардан тыс қалдырмау. Қазақтың «құлдай қимылда, бидей іш» деген сөзін бірінші кезекке қоятын басшы өз қарамағындағы-лардан тапсырманың орындалуын ғана талап етпейді, олардың жеке жағдайына да  жіті қарайды. 


Б.Махашевтың имандылық, қайырымдылық тұрғысында жасаған мұнан басқа көптеген ізгі ісіне барша ауылдастары үнемі алғыс айтумен келеді. 

Алғыс арқалаған азамат 2015 жылы  Қазақстанның Тәуелсіздік күніне  орай «Құрмет» орденімен марапатталды. Бірнеше рет облыс, қала әкімдерінің Құрмет грамоталарын иеленді.


2016 жылы кеудесіне «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін тақты. «Қазақстанның үздік фермері» атағын алды. 2018  жылы Қызылорда қаласының және Жаңақорған ауданының құрметті азаматы атанды.


Халқына қызмет қылуды перзенттік парызым деп білген серіктестік басшысы мемлекетіміздің ұлтты ұйыстырып, халықтың береке-бірлігін еселеп отырған, саясатын қолдайды және егеменді еліміздің даңқын асқақтату жолындағы барлық бастамаларға  белсенді атсалысуды қалай-ды. Ол бізге өзінің осындай азаматтық ұстанымын анық аңғартты.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Сыр өңірінде болған сапарында  «Жан-Арайға» ат басын бұруы да жайдан жай емес. Өйткені, «Жан-Арай» –көпке үлгі қылып көрсететін келелі істердің ордасы, өңірдің қажетін атқарып тұрған өндіріс, «азаматы-на қарап, ауылын таны» деген жер.


Алдағы кезеңдерде де зауыттың табысқа жету жолындағы тұрақтылығы арта түсіп, аймақтың энокомикалық дамуына үделі үлес қоса береді деген сенім мол.