Бір ай бұрын жоғалған ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды

1 632

Фото: әлеуметтік желіденСемейде бір ай бұрын бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім баласы із-түзсіз жоғалып кеткен. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді. Біреуінің денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Іздеу шаралары Ұлттық ұлан, полиция, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ белсенді азаматтарды тарта отырып жүріп жатыр.


15 мамырда 18 жасар қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында судан табылды.


Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп, бірқатар сараптама тағайындалды.


Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр.


Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.