16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен

1 595

Фото: скриншотКөкшетауда жоғалған студентке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жастағы студент іздестіріліп жатыр. 1 маусымда Көкшетау қалалық ІІБ-не қамқоршы - облыс орталығындағы колледждердің бірінің директорынан студент Анна Писареваның жатақханадан белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмағаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

Жоғалған қыздың жүрген жерін анықтау үшін криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. 


Полиция қызметкерлері шаруа қожалықтарын, қараусыз қалған ғимараттарды, құрылыс алаңдарын, саябақтарды, кәріздерді, гараж кооперативтерін, саяжайларды, өзен және су қоймаларының жағалауындағы аумақтарды, қонақ үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, сауда орталықтарын, түнгі клубтарды және басқа да орындарды тексеріп жатыр.


Сондай-ақ, барлық ықтимал куәгер, соның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері, такси жүргізушілері және жеке такси жүргізушілері сұралады.


"Студент шығып бара жатқанда үстіне жемпір, спорт шалбары, кроссовка киген, барлығы қара түсті, ерекше белгілері жоқ. Бойы - 155-160 сантиметр, боб шаш үлгісі, шашы боялған, баклажан түсті. Қыз жатақханадан шығып, қоқысты қоқыс жәшігіне лақтырып, телефонмен сөйлесіп жатып колледжден шығып кеткен", - делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарламасында.


Полиция іздеудегі қыз туралы білетіндерді хабарласуын сұрайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.