Қызылордада тағы бір сотталған азамат некеге тұрды

1 603

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемесінде ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 тармағымен бір жылға бас бостандығынан айырылған сотталған азамат заңды некесін қиды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жуырда ғана жаза мерзімін өтеуге жіберілген азамат мекеме заңгерінен кеңес алады. Некеге тұру бойынша өтініш жазады.Бүгін мекемеге АХАЖ бөлімінен маман келіп, сотталған азамат пен сүйіктісіне неке қию туралы куәліктерін табыстады.АХАЖ бөлімінен келген маманның айтуынша, Қызылорда да ҚАЖ мекемелерінде  неке қию рәсімінің өткізілуі бірінші рет емес дейді.


"Неке және отбасы туралы кодекске сәйкес, сотталғандардың да неке қиюға құқы бар. Некесін қидырып,отбасылы болған жазасын өтеуші азамат жауапкершілікті сезініп,түзелу жолына түсіп, отбасына тезірек оралуға тырысады.Бүгін некесін қиған азамат та өзін жақсы жағынан көрсетіп , тәртібі жақсы болып, отбасына тезірек оралатыны на сенім артамыз.Жыл басынан екінші азамат отбасын құрып жатыр",- дейді мекеме заңгері Жалғас Есмаханов.


"Бүгін мен үшін қуанышты күн. Темір торда жазамды өтеп жатсам да отбасын құрдым.Бақыттымын. Әрине, істеген ісіме өкінем, енді оны қайталамауға тырысамын, ол маған өмірлік сабақ болды", - дейді сотталған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.