Бақытты балалар мекеніне айналған жаңа нысан

1 506

Фото: Жалағаш ауданыАудан бойынша білімге инвестиция құйып, білім саласына жанашырлық танытып жүрген кәсіпкер саны күн санап артып келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Н.С.Байқадамов пен Р.Р.Рүстемов жаңадан салынған 130 орындық «Жас қыран» балабақшасының жұмыс барысымен танысты.


Мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасау үшін жаңадан салынған 130 орындық «Жас қыран» балабақшасының жалпы ауданы – 1493 шаршы метрді құрайды. Типтік жобада салынған ғимаратта 6 ойын және жатын бөлмесі, спорт зал, акт зал, робототехника кабинеті, Ұлттық құндылық кабинеті, логопед бөлмесі, медбике бөлмесі және асхана бар.


Сапалы қызмет, білікті мамандар мен жаңа технологиялар арқылы жабдықталған «Жас қыран» балабақшасының бүгінгі тынысына сенат депутаты Руслан Рүстемұлы оң бағасын берді. Баланың жарқын болашағын қалыптастыруда іргетасын біліммен қалап, өнегелі тәрбиені сіңдіріп отыру қажеттігін айтты.


Халық қалаулысы Наурызбай Сейтқалиұлы балабақшаның бүлдіршіндер бойына рухани құндылықтарымызды сіңдіріп, ұлттық нақышта бейнеленген қазақы оюлардың, ой сергітуге арналған ойындардың, алшысынан түскен асықтардың, киіз үй мен жалпы ұлттық кодымызбен құрақталған қасиеттерді дәріптеген бастамашыл дүниелерге бай екенін жеткізіп, ұжымның жұмысына сәттілік тіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.