Елді мекендерді газдандыру жобасы жалғасуда

1 502

Фото: Жалағаш ауданыҚР Парламенті Сенатының депутаттары Н.С.Байқадамов пен Р.Р.Рүстемовтің Жалағаш ауданына жұмыс сапары аясында елді мекендерді газдандыру жобаларының жүзеге асырылуымен танысу мақсатында Ақсу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақсу елді мекенін газдандыру жұмыстарына 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржы шегінде жұмыстар жүргізілді.


2024 жылға құрылыс монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін ұлттық қордан 100 млн теңге, облыстық бюджеттен 397,4 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстарының 95 пайызы орындалып, 387,7 млн.теңге игерілді. Үстіміздегі жылдың шілде, тамыз айларында қалған 109,7 млн.теңге игерілетін болады.


Сонымен қатар, 2024 жылы Ақсу және М.Шәменов елдімекендері газге қосылатын болады. Қазіргі таңда демеушілік есебінен Бұқарбай батыр, Қаракеткен және Далдабай елді мекендерін газдандыруға жоба сметалық құжаттар әзірленуде.


Жалағаш кентінде орналасқан мемлекеттік мекемелерді газдандыру мәселесі түбегейлі шешілуде. Биыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және Жалағаш кенті әкімі аппараты ғимаратының жылу жүйесін табиғи газға қосу, №246 орта мектеп ғимараты мен №123 мектеп-лицейі ғимаратының бу қазандығын газбен жылытуға ауыстыра отырып реконструкциялау жұмыстары жасалады.


Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан ауылдардағы ауқымды бастама ауыл халқының әлеуетін жоғарлататынын жеткізген халық қалаулылары, еңбектің өзегіндей болған елдегі ағайынның берекелі тірлігіне сәттілік тіледі.