Енді әкімдердің жұмысы жаңа тәсілмен бағаланады
Енді әкімдердің жұмысы нақты индикатор бойынша бағаланады. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Премьер-министр тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту критерийі бойынша әкімдердің жұмысына KPI енгізуді тапсырды. Ол үшін "Отбасының цифрлық картасы" платформасы негізінде "шұғыл" және "дағдарыс" деңгейінен "қанағаттанарлық" және "бақуатты" деңгейге дейінгі бес санат бойынша қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына тұрақты мониторинг пен талдау жүргізіледі. Отбасылардың қанағаттанарлықсыз санаттан жақсы деңгейге көшу динамикасына және керісінше көрсеткішке байланысты жергілікті атқарушы органдардың жұмысы бағаланады.