Алматылықтар қалада егеуқұйрық қаптағанына арыздануда

713
Алматылықтар қалада егеуқұйрық көбейіп кеткеніне шағымданды. Куәгерлердің айтуына қарағанда қаланың бірнеше бөлігінде кеміргіштер көбейіп кеткен.
 


Кris.p.almaty.official тобы Медеу ауданындағы Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Жетісу-1 ықшамауданындағы арықтарда егеуқұйрықтар жүргенін түсірген бірнеше видео жариялады. Басылым авторларының айтуынша, егеуқұйрықтар қаланың біраз жерінде жүр.


Кеміргіштермен күреске жауапты Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы мердігер Amanat Cleaning ЖШС дератизация жұмыстарының бірінші бөлігін аяқтағанын хабарлады. Қала бойынша егеуқұйрықтарға қарсы өңдеудің екінші кезеңі қыркүйекте басталып, биыл 30 қарашаға дейін жалғасады.
Сонымен қатар, басқарма тұрғындардың егеуқұйрықты жоюға байланысты жеке өтініштерін Open Almaty порталында немесе басқарманың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында қарайды. Мұндай өтінімдер бойынша мобильді бригадалар тағайындалған.



Басқарма Жетісу-1 шағын ауданы мен Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы шағымдар туралы білетіндерін мәлімдеді. Мердігерлерге бұл аумақтарды 12 тамызға дейін қарау тапсырылды.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.