Өскемендік қария 30 жылдан бері қыс мезгілінде көшеде жейдемен жүреді

425

Өскеменнің 79 жастағы тұрғыны Анатолий Зиновьев қыстыгүні қабат-қабат киінудің орнына көшеде бір жейде мен жаздық аяқ киім киіп жүреді.
Бұрындары Анатолий Михайлович ауа- райына байланысты киінген екен. Алайда аяқ астынан оның өмірі өзгеріп шыға келген. 
Өскемендіктің сөзінше, күйзеліске түскен оның белі ауырған. Оның қатты ауырғаны соншалықты кейде көз алдындағының бәрі қарайып кеткен. Мұндай жағымсыз жайттар Порфирий Ивановтың жүйесі бойынша денсаулығын жақсартуға түрткі болған. 
"Дәстүрлі емдеу маған аздаған уақыт көмектесті, кейінірек ауруым қайта басталатын. Сол себепті мен халық еміне ауыстым, қазір белім мені мазаламайды", - дейді Анатолий Михайлович. 
Ер адам 30 жылдан бері қыстыгүні сырт киімсіз жүреді. Күніне екі мәрте суық су құйып, диета ұстап, салауатты өмір салтын ұстанады. Ол тоңатынын, дегенмен бұған шыдайтынын айтады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.