Субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық - Тоқаев ауыл шаруашылығы саласы жайында

1 145

Фото: orda.kzМемлекет басшысы агроөнеркәсіп саласындағы мәліметтерді бұрмалау саладағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отырғанын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс. Алайда шындыққа жанаспайтын ақпарат беру, басқаша айтқанда, мәліметтерді бұрмалау ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отыр. Арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтады. Егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екені белгілі болды. Шын мәнінде, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық. Ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ал мұндай іспен айналысқан адамдарды жауапкершілікке тарту керек", - деп атап өтті ол.

Атап өтейік, 2023 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы субсидияларын ұрлағандар қазынаға 2 млрд 600 млн теңге залал келтірген. Бұл жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдынала есептеулері. Бүгінде мемлекетік қолдауды қолды қылу бойынша Антикорда бақандай 54 қылмыстық іс жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.