Үй мен көліктің құны қанша теңгеден асса, қазақстандықтар «байлық салығын» төлейді
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін қазақстандықтар тағы қандай салық түрін төлейтінін түсіндірді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жаңа Салық кодексімен елімізде «сән-салтанат» салығы енгізіледі. Вице-министр байлық салығы қандай мүліктер үшін салынатынын айтты.
«Жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі; кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу; қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу ұсынылып отыр», - деді Әмрин мәжілісте өткен отырыста.
Сонымен қатар жаңа Салық кодексінде зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату туралы норма бар.
Бұған қоса 10 жылдан асқан автокөліктердің салығы 30 пайызға, 20 жылдан асқан көліктердің салығы 50 пайызға төмендетілмек.