Мас әйел машинамен шұңқырға түсіп кетіп, бірнеше үйді газсыз қалдырды

1 166

Фото: видеодан алынған кадрАқтөбе қаласы Алтын орда шағын ауданында 8 тұрғын үй кешені газсыз қалды. Мас күйінде көлік жүргізген әйел шұңқырға түсіп кетіп, құбырды зақымдаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін сағат таңғы 06:30 шамасында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Mercedes маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі жол құрылысы кезінде қазылған шұңқырға түсіп кеткен. 

«Жүргізуші әйел мас болған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол зардап шекпеді. Қазіргі кезде хаттама толтырылып, іс шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жіберілді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ал Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 тұрғын үй, оның ішінде 560 пәтер газсыз отыр. Қазіргі кезде газ қызметі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.