ДАУЫС БЕРУШІЛЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

2 109

Фото: Жалағаш аудан әкімдігіЖалағаш ауданында дауыс берушілер арасында спорттық сайыс өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Жалағаш ауданында республикалық референдумның маңыздылығын ескере отырып, дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында жалағаш ауданы бойынша барлық референдум учаскелерінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды. Дауыс берушілер арасында көкпар, қол күрес, арқан тартыс, гір тасын көтеру секілді спорттық сайыстардан бақ сынады.


Дауыс берушілер арасында ұйымдастырылатын спорттық сайыс тек физикалық белсенділікті көтеріп қана қоймай, азаматтардың сайлау процесіне белсене қатысуына ынталандырады. Шараға қатысу арқылы әрбір азамат өзінің дауысының маңыздылығын сезініп, қоғамдағы өзгерістерге ықпал ететініне сенімді болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.