Тегін оқуға 18 мыңдай сарбаз үміткер болды

1 142

Фото: Қорғаныс министрлігіҚорғаныс министрлігі ұсынған 1500 грантқа 18 мыңдай сарбаз үміткер болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бір жарым мың орынға 2023 жылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 927 сарбазы үміткер болды. Конкурсқа қатысқандар саны:

Қорғаныс министрлігінен – 8 169;

Ұлттық ұланнан – 6 441;

Төтенше жағдайлар министрлігінен – 315;

Шекара қызметінен – 2 715;

Мемлекеттік күзет қызметінен – 287 сарбаз.

«Күштік құрылымдар әскери бөлімдері сарбаздарының қызметтің барлық кезеңіндегі үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелері енгізілген «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесі іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етті», - делінген ведомсто хабарламасында.

Білім беру жеңілдіктеріне ие болған әскери қызметшілердің толық тізімін мына сілтеме бойынша көруге болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.