ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

1 360

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіҚазалы ауданында ұлттық мереке – Республика күніне орай салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде сахна төріне шығарылып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

Еліміз Тәуелсіздік алған соң даму жолында тапжылмай жылжуға мүмкіндік беретін маңызды жетістіктерге жетті. Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірінде үлкен бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Бұл жолда қол жеткізген жетістіктердің барлығында да Сыр елінің, оның ішінде Қазалы ауданының да қосқан үлесі бар.

Баршаңызды егемендігіміздің бастауы болған ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.

Салтанатты шарада ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар қазалылықтарға Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы», облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ медицина саласының ардагері Орақ Кеубасов пен білім саласының ардагерлері Рахат Наурызбайқызы мен Қуантқан Зейнелұлына «Қазалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. 

Мұнан кейін мерекеге орай бірқатар  азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, мерекелік шара барысында мемлекеттік қызметке орналасқан жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.

Егемендігіміздің бастауы болған ұлттық мереке – Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кеште аудан өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Қазалыда ұлттық мереке – Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде сахна төріне шығарылып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз алып, барша қазалылықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.

– Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Тарихтан белгілі, 1990 жылы 25 қазанда қазақ елі Егемендік декларациясын жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі бекітілді. Еліміз Тәуелсіздік алған соң даму жолында тапжылмай жылжуға мүмкіндік беретін маңызды жетістіктерге жетті. Бұл жолда қол жеткізген үлкен жетістіктердің барлығында да Сыр елінің, оның ішінде Қазалы ауданының қосқан үлесі зор деп білемін. Баршаңызды егемендігіміздің бастауы болған ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, – деді Мұхтар Әуесұлы.

Салтанатты шарада ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан қазалылықтар марапат төрінен көрінді. Алдымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бірқатар көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградалары табысталды.

Мұнан соң, Қызылорда облысының және Қазалы ауданының Құрметті азаматы, «РЗА» акционерлік қоғамының президенті Самұрат Имандосов ҚР Премьер-министрінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар бірқатар азаматтарға Қызылорда облысы және аудан әкімінің «Алғыс хаты» тапсырылып, теміржол саласының ардагері Ерсайын Байқадам мен білім саласының ардагері Салима Нұрмұратқа Қазалы ауданының «Құрмет грамотасы» тапсырылды.

Егемендігіміздің бастауы болған ұлттық мереке – Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кеште аудан өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.