Алматыда «Қазақтелекомның» жаңа технологиялы жүйрік интернеті қолжетімді бола түсті

260
Алматыда кезекті тұрғын үй кешені – «Falcon City» заманауи жүйрік интернетке қосылды. Бұл «Қазақтелеком» ұсынған GPON атты жаңа технологияның арқасында мүмкін болуда. 

GPON технологиясының артықшылықтарын «Falcon City» тұрғын үй кешенінің 200-ге жуық пәтер иесі бағалап үлгерді. «Falcon City» тұрғын үй кешеніндегі қолданушыларға барлық қызметтер GPON технологиясы бойынша көрсетілуде. Бұл бір желінің көмегімен қызметтердің толық спектрін жоғары жылдамдықта ұсынуға мүмкіндік береді. Біздің абоненттеріміз үшін кең жолақты интернет, цифрлі теледидар, IP-телефония қызметтері қолжетімді болып отыр», - дейді «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Алматытелеком» ӨТД сегментінің В2С коммерциялық директоры Найла Әбділдаева. 


«Falcon City» тұрғындары жаңа технологияны қалай қабылдады? «Falcon City-ге» GPON технологиясы жеткелі бері тұрғындардың дені оның қолайлы әрі тиімді екенін байқаған. Мәселен, Қуаныш Шернияз есімді тұрғынға TV+ қызметінің ыңғайлылығы мен интернеттің жылдам бола түскендігі ерекше ұнаған екен. 


«Мен фильмдерді үздіксіз көргенді ұнататындықтан, үйімде жоғары жылдамдықты интернет болғанын қалаймын. Сол себепті, телекоммуникация қызметтерін ұсынатын компаниялар арасында «Қазақтелекомды» таңдауды ұйғардым. Біз Ultra тарифін қостық: қазір фильмдерді интернет арқылы жазылым жасап көремін, ал інім TV+ арқылы отандық және шетелдік арналарды көреді. Маған TV +-те ең ұнағаны - онда телеарналар мен бағдарламалар әртүрлі санаттарға бөлінген, сонымен қатар SmartTV арқылы басқаруға ыңғайлы», - дейді «Falcon City» тұрғыны Қуаныш Шернияз.