Есірткі жасырумен айналысқан жасөспірім ұсталды

1 372

Фото: Polisia.kzОралда полиция синтетикалық есірткі жасырумен айналысқан 17 жастағы жасөспірімді ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Деркөл кентінде облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру шарасы барысында 2007 жылы туған жасөспірімді ұстады.

Тінту кезінде күдіктіден 25 zip-пакет тәркіленді. Кейін ол есірткі жасырған орындарды көрсетті. Бұл жерден 109 zip-пакетке салынған 3 үлкен орама табылды.

Сараптама барысында пакеттерде 249 грамм болатын (1245 доза) α-PVP психотропты зат болғаны анықталды.

Тергеу барысында жасөспірім Қостанай облысында тұратыны белгілі болды. Ол Орал қаласына Telegram-арна арқылы жұмысқа шақырылған. Жұмыс берушілер жол жүру және тұру шығындарын өтеген. Қазір жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция есірткі сақтау және таратқаны үшін қылмыстық жаза барын ескертеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.