Атышулы трансгендер Амилай қамауға алынды

1 739

Фото: Instagram/amilai_vipАтышулы трансгендер Амилайдың бірнеше күн бұрын Алматыда белгісіз жігіттермен төбелесіп жатқаны туралы видео жарияланған. Ол ұсақ бұзақылық үшін істі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат бесте Алматыдағы Абай-Әуезов қиылысында болған. Трансгендер балағат сөздер айтып, жігіттерге жұдырық ала жүгірген, ал оның соңы төбелеспен аяқталды.

Полиция ұсақ бұзақылық үшін іс қозғады. Сотта Амилай өзінің кінәсін мойындады және болған оқиғаға өкінетінін айтты. Алайда танымайтын жігіттер оны бірінші болып қорлап, балағат сөздер айтқанын да жеткізді.

Нәтижесінде трансгендер жеті тәулікке қамауға алынды, ол 11 желтоқсанда сағат 17:50-ден бастап есептелінеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.