Ата-анасының ішімдік ішкенінен шаршаған бала үйінен кетіп қалған

1 371

Фото: freepik.comЕкібастұздағы үйлердің бірінің тұрғындары полицияға көршілерінің 10 жастағы ұлының көзінше жиі ішімдік ішетінін, баланың үнемі қараусыз қалатынын айтып шағымданған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Арыз бойынша келген полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың мас күйінде екенін, ал баланың үйде жоқ екенін анықтаған. Ата-анасы баланың қайда екенін түсіндіре алмаған. Полицейлер баланың қайда екенін өздері анықтады. 10 жастағы бала ата-анасының үнемі ішімдік ішетінінен шаршап, әжесінің үйінде тұрып жүрген көрінеді. 

Оқиғадан кейін ата-ана полиция мен наркологиялық диспансерде есепке тұрғызылды.

"Ұлдарын дұрыс тәрбиелемегені және алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланғаны үшін екі ата-ана да жауапқа тартылды. Іс сотта қаралып, әрбір ата-анаға 7 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", – делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.