Қызылордада киік аулаған екі адам сотталды

1 383

Фото: pixabay.comҚызылорда облысының екі тұрғыны киік аулағаны үшін 6 және 7 жылға сотталып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Олар киіктерді автокөлікпен қуып, оқ атқан. Олардың көлігін тоқтатқанда, ішінен 30 кг-дан астам киік еті, 5 киік басы табылған. Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Сотталушылар мемлекетке 3 млн теңге қайтарған.

«Бір сотталушының жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде оның ішкі істер органдары қызметкерінің антын бұза отырып, құқық бұзушылық жасағаны танылған. Сот сотталушыларды ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танып, оларды 7 және 8 жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олардан ортақтасқан тәртіпте 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді. Қызылорда облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды», - делінген Жоғарғы сот хабарламасында.