«Байқоңырэнерго» жұмысшылары жаппай уланды
3 721
Жаппай уланған жұмысшылар Ресейдің тергеу комитетінің басты назарында, - деп хабарлайды «Opennewskz» ақпарат агенттігі.
Байқоңыр қаласында «Байқоңырэнерго» қызметкерлері жаппай уланды. Бұл туралы бүгін Байқоңыр қаласының прокуратурасы хабарлады. Желтоқсанның 9-ы күні «Байқоңырэнерго» МКҚК-ның отынмен қамтамасыз ету бөлімінің 6 қызметкері улану белгілерімен дереу Ресей Федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің «ЦМСЧ No1» ФГБУЗ-ына жеткізілгені белгілі болды.
Қадағалау органы қазіргі уақытта азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтінін, тіпті білікті медициналық көмек көрсетілгенін алға тартуда.
Сондай-ақ, РФ Тергеу комитетінің «Байқоңыр» кешені бойынша тергеу басқармасы аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізуде.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау және құқық қорғау органдарының іс-әрекетін үйлестіру мақсатында тиісті ақпаратты алғаннан кейін прокурор Александр Трифонов оқиға орнына барып, қызметкерлерінің жұмыс орындарын тексерді. Зардап шеккендерге және кәсіпорын басшылығына оқиғаның ықтимал себептері туралы хабарланды», - делінген хабарламада.
Қадағалау органы қазіргі уақытта азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтінін, тіпті білікті медициналық көмек көрсетілгенін алға тартуда.
Сондай-ақ, РФ Тергеу комитетінің «Байқоңыр» кешені бойынша тергеу басқармасы аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізуде.
«Сонымен қатар, «Байқоңырэнерго» МКҚК қызметкерлерінің улану себептерін анықтау мақсатында прокурор аталған кәсіпорынға прокурорлық тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша қызметкерлерінің әрекетіне баға беріледі. Еңбекті қорғау ережелерінің сақталуына жауапты лауазымды тұлғалар, алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу шаралары қабылданатын болады», - деп атап өтті «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы.