Қазақстанда жемқорлардың жария тізілімі пайда болады

1 375

Фото: pixabay.comСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың тізілімі пайда болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу” бойынша заң жобалары қаралады.

Заң жобалары шеңберінде елде сыбайлас жемқорлықтың жария тізілімін енгізу жоспарланып отыр.


"Бұл – профилактикалық құрал. Оның басты мақсаты – қоғам алдында айыптау арқылы ел арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу қасиетін қалыптастыру. Тізілімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер енгізіледі. Заңды күшіне енген айыптау үкімі адамдарды тізілімге енгізу үшін негіз болады", – деп түсіндірді Сарқұлов отырыс барысында.

Хабарланғандай, тізілімнен шығару заңды күшіне енген ақтау үкімі мен соттылықты өтеу негізінде мүмкін болады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.