Көкпар ойынындағы жанжал сот шешімімен аяқталды
Жамбыл облысында көкпар ойыны кезінде дауласқандар сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы сотының мәліметінше, Жуалы аудандық соты ұсақ бұзақылық бойынша екі азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Мәліметтерге сүйенсек, жанжал 2024 жылдың қаңтарында болған. Құқық бұзғандар Ертай ауылында ауылдар арасында өткізілген көкпар ойынында өз-өздерін ұстай алмай, ауыл тұрғындарының көзінше бір-бірін ауыр сөздермен балағаттаған.
Көкпаршы өзінің түсініктемесінде аттың басы бетіне тиіп жарақат алғанын, нәтижесінде ат иесімен жанжалдасқанын айтты.
Cот отырысында құқық бұзушылар өздерінің кінәларын толық мойындап, жасалған іс әрекеттеріне өкінетіндерін жеткізді.