Адамдарды алдаған емші тергеу аяқталғанша қамауда отырады

1 347

Фото: qazaquni.kzАқтөбеде «Алаяқтық» бабының аса ірі көлемде шығын келтіру бөлігімен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу соты күдіктіні 2 айға қамауға санкция берді.

«Ақтөбе облысының полиция департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс бойынша бүгінгі күні отызға жуық жәбірленуші бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Ақтөбе қаласында дәстүрлі емес медицинамен айналысқан әйел емделуге келушілерін алдап, оларға несие рәсімдеткен», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, адамдар 1 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін несие рәсімдеп, оны емшіге берген. Әзірге шығын 100 млн теңге деп есептелді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.