Мәйіттерді пышақ тигізбей зерттейтін жүйе енгізіледі

1 397

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда виртуалды аутопсия енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Виртуалды аутопсияны" енгізу жоспарлануда. Бұл – қайтыс болғандарға сот-медициналық зерттеулер жүргізу үшін компьютерлік томографияны қолдану. Зерттеу мәйітті кеспей (соймай) жүргізіледі. Бұл ұлттық және діни дәстүрлермен қайшылықты болдырмауға көмектеседі, - деді министр.

Сондай-ақ министр жасанды интеллектті пайдалана отырып, "Е-сараптама 2.0"ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын әзірлеу қажет екенін айтты. Себебі қолданыстағы жүйе заманауи талаптарға сай келмейді. Оны басқа ақпараттық жүйелермен, жабдықтармен біріктіру мүмкін емес.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.