Төбелескендерді ажыратпақ болған полицей өзі де таяқ жеп қалды

2 366

Сурет: видеодан скриншотАлматыда төбелесіп жатқандарды ажыратпақ болған полицияның өзі де соққы алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

“Театралка” маңында екі топтың жігіттері сөзге келіп, төбелескен. Жігіттердің жаға ұстасқан сәті видеоға түсіп қалған. 

“Театралкаға” келген қонақтары арасында өзара жанжал шығып, кейін ол жаппай төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жаға ұстасқан жігіттерді ажыратуға тырысқан. Алайда ашуға булыққан бұзақылар полиция қызметкерлеріне де жұдырық жұмсаған. 

“Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп мәлімдеді қалалық полиция.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.