Ескерткішке макияж жасаған әйелге 200 мың теңге айыппұл салынды

1 552

Фото: Видеодан скринАстанада саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті қорлаған әйел жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ескеркішке макияж жасаған әйелге 200 мың теңге айыппұл салынған.

Астана полициясы жыл басынан бері қала бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін 171 азамат жауапқа тартылғанын мәлімдеді. Олардың 93-і қамауға алынса, қалғандары 10 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген.

“Азаматша “күн сәулесі түскенде қалай көрінетінін байқап көру үшін салдым” дейді. Әрине ұсталған азаматқа оның іс-әрекетінің заңсыз екенін, әкімшілік құқықбұзушылық қарастырылғанын түсіндіріп, әкімшілік хаттама толтырып сотқа жолдадық”, – дейді Астана қаласы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нысанбаев.