Тыныштықты бұзғандарға қанша айыппұл салынады

1 480

Фото: Shutterstock/FotodomІшкі істер министрлігі тұрғын үйлерде тыныштықты сақтайтын уақыт тәртібі мен ережені бұзғандарға қанша айыппұл салынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Krisha.kz" порталына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, тыныштық уақыты тұрғындар мен ойын-сауық орындары үшін әртүрлі белгіленген. Күн сайын сағат 22:00-ден 9:00-ге дейін шулауға болмайды.

Ал ойын-сауық мекемелері үшін (тұрғын үйдің ішінде немесе жанында орналасқан): жұмыс күндері – сағат 22:00-ден 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері – 23:00-ден 10:00-ге дейін белгіленген. 

Полицияға тұрғындардан шағым түскен жағдайда, олар оқиғаны тіркеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Егер заңбұзушылық анықталса, хаттама толтырып, айыппұл салады.

Тыныштықты бұзу қатарына мыналар жатады:

  • Музыканың немесе теледидардың өте қатты дыбысы;
  • Шулы жөндеу жұмыстары;
  • Ұрыс-керіс, айқай-шу;
  • Фейерверк пен петарда ату және т.б.

Бұл құқық бұзушылық әкімшілік кодексінің 437-бабына сәйкес қарастырылады.

Бірінші рет бұзғандар үшін:

  • жеке тұлғаларға – 5 АЕК (19 660 тг);
  • шағын бизнес үшін – 20 АЕК (78 640 тг);
  • орта бизнес – 30 АЕК (117 960 тг);
  • ірі бизнес – 100 АЕК (393 200 тг).

Егер жыл ішінде қайталанса:

  • жеке тұлғаларға – 10 АЕК (39 320 тг);
  • шағын бизнес –  40 АЕК (157 280 тг);
  • орта бизнес – 60 АЕК (235 920 тг);
  • ірі бизнес – 150 АЕК (589 800 тг).
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.