"Оқушы вирус жұқтырса ата-анасы жауапты ма": Министрлік желіде тараған өтінішке қатысты жауап берді
523
Желіде ата-аналардың баласын офлайн оқытуға қарсылығы жоқ екенін дәлелдейтін қолхат үлгісі тарады. Өтініште ата-аналар мектепке баратын баласының денсаулығына жауапкершілікті өз мойнына алатыны көзделген. Бұған қатысты білім министрлігі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Биылғы оқу жылы офлайн форматта өтетіні баршаға мәлім. Осыған орай әлеуметтік желіде оқушылардың офлайн форматта оқу кезінде вирус жұқтырса оған ата-анасы жауапты болатыны туралы өтініш мәтіні қызу талқыланды. Олардың басым бөлігі бұл өтініште айтылған талаптармен келіспейтінін жеткізді.
"Баланы ерікті түрде байлап берудің үлгісі... Алдымен «Ауырса өзім жауап беремін» деп міндеттеме алады екенсің. Ертең бірдеңе бола қалса, мектеп мына өтінішіңді алдыңа көлденең тартады. Сонда бұл құйтырқылықты қалай түсінеміз?", - дейді Берік Жүсіпов есімді желі қолданушысы аталмыш өтінішті парақшасында жариялай отырып.
Ата-аналар мұндай өтінішке қол қоймайтындарын желіде жарыса жазуда.
"Есі дұрыс ата-ана мұндай қолхат бермес", "Бұндай өтінішке қол қоймаймын. Бізге бұндай өтініш көрсеткен де, жаздырған да жоқ", - деп жазды олар.
Бұған қатысты білім және ғылым министрлігінің өкілі Мөлдір Әбдуалиева пікір білдірді.
"Құрметті ата-аналар! Офлайн оқу форматы сапалы білімді қамтамасыз ету үшін қажет. Бірақ мектептерде осындай өтініштер талап етілмеуі тиіс. Талап етсе - маған жазыңыз, әр өтінішті жеке қарастырамыз", - деп уәде берді ведомствоның баспасөз хатшысы.

Тағы да оқыңыздар
Хабарландыру!
1 428