Заңсыз вейп сатқандардан Land Cruiser, Highlander және Camaro көліктері тәркіленді

1 528

Фото: Видеодан скринПавлодар облысында заңсыз вейп сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Павлодарда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, өнімдер Telegram-дағы үш онлайн дүкенде курьерлік жеткізу арқылы сатылған.

“Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған”, – делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, вейптердің негізгі тұтынушылары мектеп оқушылары мен студенттер болған. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған үш көлік (Toyota Land Cruiser, Toyota Highlander және Chevrolet Camaro) сот шешімімен тәркіленді.

Төрт күдікті қамауға алынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.