Түнгі клубта жастар арасында жанжал туындап, 18 жастағы жігіт мерт болды

1 539

Фото: NUR.KZ/Петр КарандашовҚасақана ауыр дене жарақатын салу салдарынан жәбірленушінің қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


– Алдын ала мәліметке сәйкес, түнгі ойын-сауық орындарының бірінің маңында жастар арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген Астана қаласының полиция департаменті таратқан хабарламада.

Сонымен қатар ведомство азаматтарды ойын-сауық мекемелеріне барған кезде қоғамдық тәртіп талаптарын сақтауға және жанжалдан аулақ болуға шақырды. 

– Заңға қайшы кез келген әрекет үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген, – деді полиция департаменті.

Бұған дейін Алматының Бостандық ауданындағы ойын-сауық орындарының бірінің маңында бірнеше адамның бір ер азаматты соққыға жыққанын жазғанбыз. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.