Жас қызды өлтірді деген күдікті іздестірілуде

1 550

Фото:Шымкент қаласы ПД

Шымкент қаласының Төлеметов көшесінің маңынан 21 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті іздестірілуде, - деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жайтқа байланысты Шымкент қалалық Полиция департаменті ресми мәлімдеме таратты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1- ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицияның мәліметінше, қылмысқа 1997 жылы туған, Шымкент қаласының тұрғыны Аймахан Шерхан Әлмаханұлы күдікті деп танылған. Алдын ала деректерге сәйкес, ол оқиға орнынан Hyundai Mufasa маркалы автокөлікпен қашып кеткен және қазіргі уақытта іздеуде.

Құқық қорғау органдары күдіктінің жүрген жері немесе іске қатысты қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды полицияға хабарлауға шақырады.

Байланыс нөмірлері: +7 (772) 52-97-66-09

97-67-61

21-21-87

21-20-41


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.