"Спутник V" әлі күнге халықаралық сертификат алмағаны таңғаларлық жағдай - Тоқаев

462
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік короновирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының әлі халықаралық сертификат алмағанына таң қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мен өзім "Спутник V" салдырғандықтан бұл вакцинаның корновирусқа қарсы тиімді екенін айта аламын. Оның әлі күнге халықаралық сертификат алмағаны таңғаларлық жағдай ", - деді Тоқаев Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында.

Президенттің айтуынша, халықаралық сертификатты алу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бірқатар шартын орындау қажет - "шамамен 26 тармақ". "Қажетті сертификатты алу үшін осы тармақтардан өту керек сияқты", - деп қосты ол.

Сонымен қатар, Тоқаев "де-факто "Спутник V" бүкіл әлемде мойындалғанын және 60-тан аса ел бұл вакцинаны қолданып жатқанын айтты.

Президент модератырдың сұрағына Ресеймен елімізге вакцина жеткізу туралы келіссөздер барысында ешқандай алдын ала шарттар қойылмағанын айтты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.