Оқушы мектепке қару алып келіп, балаларды қорқытқан

1 514

Фото: Gov.kzПетропавлда 11-сынып оқушысы мектепке тапанша алып барған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, бір рет оқ атылған. Зардап шеккендер жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қару атыс қаруы емес, пневматикалық тапанша болғаны анықталған. Дегенмен дүрбелең туғызған оқушы мен оның ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

“Тексеру нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ білім беру органдарына оқиғаға ықпал еткен факторларды жою бойынша шара қабылдау туралы ұсыныс енгізілді”, – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Тексеру аяқталған соң мектеп басшылығы мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болған күзет қызметкерлерінің әрекетіне де баға беріледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.