Аурухана асханасындағы балалар тағамынан жәндіктер табылған

1 519

Фото: Видеодан скриншотҚарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жоспардан тыс тексеріс басталды. Бүгін онда кішкентай пациенттерге тауық еті қосылған палау берілген. Алайда тағамның ішінен жәндіктер табылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Мәліметтерге сенсек, оқиға балалардың жұқпалы аурулар бөлімінде болған. Тамақ салынған контейнерден қара қоңыздар шыққанын байқаған балалар асты жеуден бас тартқан. Ата-аналар аурухана әкімшілігінен түсініктеме талап етіп, сол палауды өздеріне де дәм татып көруді ұсынған.

Ата-аналардың айтуынша, ауруханада сырттан әкелінетін тағамға қатаң талап қойылады. Енді олар аурухананың өз тамағын жеуге де қорқып отыр.

Медицина қызметкерлері өз кезегінде ауруханада жеке ас блогы жоқ екенін айтқан. Тамақ арнайы компания арқылы жеткізіледі. Бүгін жеткізілген тағам партиясы толықтай ауыстырылған.

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Люция Гомельдің айтуынша, жағдай аурухана әкімшілігіне белгілі. 

"Ақпарат түскен бойда жедел түрде қажетті шаралар қабылданды. Жеткізуші компания өкілі дереу шақырылып, тексеріс жүргізілді. Тамақтың бүкіл партиясы ауыстырылды. Қосымша ақпарат тиісті қызметтерге тексеру және шара қабылдау үшін жолданды", – деп пікір білдірді аурухана басшылығы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.