13 жасар қызды арашалап қалған азамат марапатталды

2 515

Фото: Жамбыл облыстық ПДТаразда 13 жасар қызды белгісіз адамдардан арашалап қалған тұрғын марапатталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство бұған дейін Тараз қаласында белгісіз екі адамның автокөлікпен қоғамдық көлік аялдамасында тұрған қыз баланы алып кетпек болғанын еске салды.

Алайда бұл жағдайға бейжай қарамаған азаматтың арқасында олар қызды алып кете алмаған. Күдіктілер жедел түрде анықталып, ұсталып, сотқа дейінгі тергеп - тексеру амалдары басталған.

Марапаттау рәсімінде өңір полициясының бастығы Қайсар Сұлтанбаев Нүркен Омаровтың әрекеті нағыз ерлік пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісі екенін атап өткен.

 Ерлік танытқан азаматқа ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, сондай-ақ жеке өзінің атынан шынайы алғысын айтқан.

"Кейде ерлік лауазыммен де, формамен де өлшенбейді. Ерлік – қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдап, көмекке келе алу. Сіздің жедел әрекетіңіздің арқасында жасөспірімнің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тыныштығына қосқан үлесіңіз", - деді Жамбыл облыстық ПД бастығы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.