Қыздарға ұлдардың бөлмесі мен дәретхананы тазалатқан

1 520

Фото: Видеодан скриншотТүркістанда студент қыздарға ұлдардың бөлмесі мен дәретхананы тазалатқан оқу орнының басшылығына сөгіс берілді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Түркістандағы оқиғаға түсініктеме берген. Мұнда студент қыздарды жігіттердің бөлмесін жинауға және дәретхананы тазалауға мәжбүрлеген.

Министрлікте хабарлағандай, білім басқармасы жұмысшы комиссия құрып, жатақханаға барып тексеру жүргізген. Барлық жағдайды анықтаған.

"Қазақстан заңдары бойынша кәмелетке толмаған оқушыларды мәжбүрлеп жұмыс істету немесе оларға қысым жасау мүмкін емес. Бұл – баланың құқықтарын бұзу және балалар еңбегін пайдалануына тыйым салу болып табылады. Тексеру нәтижесінде жауапты адамдарға сөгіс берілді. Студенттер мен ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізілуде", – деп хабарлады комитет.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.