Бір топ жігіт полиция қызметкерлерін соққыға жықты

1 512

Фото:©  Видеодан скринМақат ауданында бір топ жігіт полиция қзыметкерлеріне шабуыл жасап, салдарынан тәртіп сақшылары зардап шеккен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz порталына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары қызмет барысында болған.

Облыстық полиция департаменті 3-ші сәуір күні сағат 22:00 шамасында Мақат ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алғанын хабарлаған.

“Тексеру барысында бір топ азамат агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне күш қолданған. Соның салдарынан екі қызметкер зардап шекті”, – деп мәлімдеді ведомство.

Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылданған. Сондай-ақ билік өкілдеріне күш қолдану фактісі бойынша “Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану” бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.