Мүгедек жандарды жұмысқа орналастыруға бөлінетін квота саны 2 есеге артады

1 533

Фото: ©Фонд развития социальных проектов "Samruk-Kazyna Trust"Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға бөлінетін квота санын 2 есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтты,- деп хабарлайды   Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Оның мәліметінше, өткен жылы ерекше қажеттіліктері бар 413,7 мың еңбекке қабілетті адамның 110,8 мыңы жұмыспен қамтылған.

"Жұмысқа тұрғызуға жәрдемдесу шараларымен 25 мыңнан астам азамат қамтылды, оның ішінде 8,1 мың адам жұмыс орындарын квоталау шеңберінде жұмысқа орналастырылды", - деді Асқарбек Ертаев.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі Ұлытау облысы мен Қарағанды өңірінде. Бұл ретте министрлік инклюзияны кеңейту бойынша басқа кәсіпорындар үшін бағдар ретінде қызмет ететін ТОП-10 әлеуметтік жауапты жұмыс берушіні бөлек атап отыр.

"Министрлік биылғы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін квоталарды орындау үшін ұйымдар тізбесін цифрлық есепке алу тәсілін әзірлейді. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін цифрлық жұмыспен қамту қызметі енгізіледі. Осы жылдан бастап біз 17 мыңға жуық мүгедек адамды квотамен қамтуды жоспарлап отырмыз, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 2 есе көп", — деп түйіндеді министр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.