Суицид- тығырықтан шығатын жол емес
795
10 қыркүйек — бүкіләлемдік суицидтің алдын алу күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жедел кеңес отырысы болып өтті. Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қанат Дайрабаевтың төрағалығымен жүргізілген жедел кеңеске барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, жеке құрам қызметкерлері қатысты. Мекеме бастығының орынбасары Қ.Дайрабаев қазіргі таңдағы қоғамда өзекті мәселе болып отырған суицид мәселесін айтып, ішкі істер органдарындағы жас қызметкерлер арасында семинар – тренингтер жиі өткізілу керектігін тілге тиек етті.
ЗК-169/4 мекемесінің кадр жұмысы тобының инспектор-психологы, әділет лейтенанты М.Маханова өз баяндамасында суицидтің айықпас дерт екенін, бұл дерт қазіргі күннің өзекті жан ауыртар мәселесіне айналғанын, ішкі істер органдары қызметкерлері арасында суицид жағдайын болдырмау және оның алдын-алу да тек психолог маман емес, әрбір басшы өз ұжымына бақылау жасау қажеттіглігін ескертті. Егер де, тұлға әрбір күнге шүкіршілік етіп, ризашылығын білдіретін болса, онда қандай да бір депрессиялық күйге түспейтіндігін, күйзеліс фактілеріне душар болмайтындығын айтып, қызметкерлерге өздерін жақсы көруге, жақсы нәрселерді ойлауға бейімделу керектігін, оған шалдыққан адамдарға немесе осыған бейім жандарға алғашқы көмегі туралы әдістерді туралы толық мағлұмат берді.
Шара барысында қатысушылардың тарапынан сұрақтар қойылып, психолог маман жауап берді. Алдағы уақытта жеке құрам қатысушыларымен бірге семинар-тренингтерге басқа да құқық қорғау органдары психологтарын шақыртып іс-шаралар ұйымдастыру өз жалғасын табатын болады.
Қазіргі таңда жас жеткіншектер арасында суицидтің, яғни өз-өзіне қол жұмсауы бойынша жан түршігерлік жәйттерді естіп отырамыз. Десе де, өзін өлімге итермелеу шариғат бойынша кешірілмейтін күнә екендігін бірі білсе, бірі білмесі анық. Отбасылық түсінбеушілік пен түрлі психикалық дағдарысқа ұшыраған жандармен психолог мамандар да тиісті мекемелерде толық қанды жұмыс жүргізуі керек.
журналист,
Динара БАУЫРЖАНҚЫЗЫ