Тәулігіне миллион жұмыртқа: Қазақстанда жаңа зауыт салынады
1 506
Қазақстанда қуаттылығы тәулігіне 1 млн жұмыртқа болатын тауық жұмыртқасын терең өңдейтін кәсіпорын салынады,-деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Инвестициялық жобаға бастамашы болған KAZ Eggs ЖШС. Кәсіпорын Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмола ауылында салынады.
"Жобаға инвестициялардың жалпы көлемі 30 млрд теңгені құрайды", - делінген хабарламада.
Кәсіпорын жоспар бойынша 2027 жылы пайдалануға беріледі. Жоба аясында 80 жаңа жұмыс орны ашылады.
"Жобаны іске асыру отандық өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам болады және жоғары қосылған құн өнімдерін өндіруді арттырады", - делінген мәлімдемеде.
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді дамыту Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені үшін басым бағыттардың бірі болып табылады,- деп хабарлады министрлікте.







