"Туристі рұқсатсыз телефонға түсірген": жігітке айыппұл салынды

1 515

фото: ©www.istockphoto.comМаңғыстаулық тұрғынның шетелдік туристі мазалап, орынсыз әзілдегені үшін айыппұл салынған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, Ақтау қаласының Мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сөйтіп оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынған. Оқиға "Ақтау – Шымкент" бағытындағы пойызда 8-ші шілде күні тіркелген. 

Ол Қазақстандағы 40 сағат пойыз сапары барысында өзін мазалаған жолаушының іс-әрекеттерін көрсетіп, басынан өткен оқиғаны баяндаған. Туристің сөзінше, ер адам оған қайта-қайта орынсыз әзіл айтып, рұқсатынсыз ұялы телефонға түсіріп алған. Сондай-ақ жергілікті тілде балағат сөздер айтып, қолайсыз жағдай туғызған. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, іс материалдарын сот қарауына жолдаған. Нәтижесінде, сот оның кінәсін дәлелденді деп танып, әкімшілік жаза тағайындаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.