Жоғары өрт қаупіне байланысты орманға кіруге шектеу енгізілді

1 517

Фото: ТЖМБатыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде өңірде жоғары өрт қаупі кезеңінде арнайы шектеулер күшіне енді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күн сайын сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін жеке тұлғалардың орманға баруына және демалуына, сондай-ақ көлік құралдарының тоғай ішіне кіруіне қатаң тыйым салынады.

Құжатқа сәйкес бұл талап ауа райы толық тұрақталғанға дейін, яғни температура төмендегенше сақталады.

- Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған және әкімдік қаулысының талаптарын елемеген азаматтар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады, - делінген ресми мәліметте.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.